Жаңалықтар

ҚазҰУ студенттері Nobel компаниясында тәжірибеден өтеді

23.11.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биотехнология кафедрасы Nobel Алматы фармацевтикалық фабрикасымен өзара ынтымақтастық келісімін жасауға уағдаласты. Өзара ықпалдастық мәселелері кафедра меңгерушісі Аида Қыстаубаева мен компанияның бас директоры Селчук Танриверди мырзаның кездесуі барысында талқыланды.

Ары қарай оқу >>

«Жыр алыбы – Жамбыл» фестивалі өтті

22.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық фестивалінің гала-концерті өтті. Жамбылдың 175 жылдығына арналған заманауи фестиваль отандық хип-хоп индустрияның талантты өкілдерінің басын қосты. 

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ-ДА ЖАМБЫЛ АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ

22.11.2021

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 22-28 қараша аралығында арнайы апталық өтеді. 

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ-ҒА ТҮРКИЯНЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ АБДУЛЛА ГҮЛ КЕЛДІ

20.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл келді. Ғылыми кітапханада белгілі саясаткер университеттің оқытушы-профессорлары және студенттерімен кездесу өткізді.

 

Ары қарай оқу >>

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

19.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – саяси тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің негізі ретінде Н.Назарбаевтың құқықтық моделі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынның мақсаты - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы мәселелерін талқылау. Айтулы шара Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. 

Ары қарай оқу >>

Озық оқу ордасы

19.11.2021

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» деген екен. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы осы қасиетті қағиданы жүзеге асыру мақсатында өз қызметіне қызу кірісіп кетті. «Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін» деп хәкім Абай айтқандай,  алғашқы күннен бастап,  дүйім халық,  мұқым елге пайдасы тиетіндей игі де ізгі істерді қолға алды.

Ары қарай оқу >>

Медиа саласындағы тәжірибесімен бөлісті

18.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының «ҚазҰУ студиясы» жобасы аясында баспагер, журналист, Forbes Kazakhstan журналының қазақ тіліндегі нұсқасының бас редакторы Бақытжан Бұқарбаймен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>