Жаңалықтар

Ғылыми байланыс тереңдей түспек

18.02.2022

Технократтық әлемнің күн өткен сайын салалық жаңа қажеттіліктерді ұсынып отыруы бүгінгі күннің шындығына айналып келеді. Осы орайда, табиғат ресурстары мен өндіргіш күштерді толық пайдалануға байланысты дүниежүзінің көптеген елдерінде тақырыптық және кешенді картографиялауға сұраныс көбейді. Дүниежүзілік мұхитты зерттеу және қоршаған ортаның ластануы, онымен күресу мәселелері қазіргі кезде өзекті болып отыр.

Ары қарай оқу >>

«Ақпараттық қауіпсіздік аудиті» бағдарламасы енгізілді

17.02.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасы ағымдағы оқу жылынан бастап «Ақпараттық қауіпсіздік аудиті» инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша маман даярлауға кірісті.

Ары қарай оқу >>

Бизнес элита дайындайтын мектеп

15.02.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында MBA және DBA (Master and Doctor of Business Administration) бағдарламаларын сәтті жүзеге асыратын Әл-Фараби бизнес мектебі құрылды. Бұл кәсіпті жетілдіруді жалғастыратын және тамаша мансап құруды жоспарлаған әрбір адам үшін теориялық білім мен практикалық бизнесті басқару дағдыларын алуға үлкен мүмкіндік.

Ары қарай оқу >>

Топырақты мұнайдан тазартатын табиғи минерал

14.02.2022

Елімізде 1,5 млн гектардан астам аумақ мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған. Ал далаға кеткен қара алтынның көлемі 50 млн тоннадан асады. Ғылым адамзат жолындағы көптеген проблеманың шешімін тапқан. Аталмыш мәселеге келгенде ҚазҰУ ғалымдары бірнеше жылдық зерттеулерге сүйеніп ең тиімді жолды ұсынып отыр. 

Ары қарай оқу >>

Ғылымдағы әйелдердің еңбегі жоғары бағалануға лайық!

11.02.2022

Бүгін – ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Бұл күнді атап өту ғалым әйелдерге демеу көрсетуге, олардың ғылым мен техника саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын қолдауға бағытталған.

Ары қарай оқу >>

Мексика жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық артады

11.02.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Мексика Құрама Штаттарының төтенше және өкілетті елшісі Хосэ Луи Мартинэз Арнандэз жұмыс сапарымен келді. Кездесуде тараптар ғылым, білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Ары қарай оқу >>