Жаңалықтар

1 наурыз - Алғыс айту күні!

01.03.2022

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.   Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан.

Ары қарай оқу >>

Білім беру бағдарламаларын жүйелеу маңызды

28.02.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы университетті халықаралық рейтингтерде ілгерілету және білім беру бағдарламаларының өзектілігін арттыру мәселелеріне арналды. Отырыс стратегиялық даму орталығының директоры Г.Минажеваның  баяндамасынан бастау алды.

Ары қарай оқу >>

Орталық Азияны зерттеу – бала күнгі арманым

23.02.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі білім ордаларының қатарында екені анық. Оқу ордасының қақпасы әлемге ашылып, бүгінде ғылым-білімде тәжірибе алмасып жатқан шетел профессорлары мен  ғалымдары университет имиджін көтеруде өз үлестерін қосуда. Халықаралық ғылыми интеграциялану мен шетелдің беделді ұстаздарымен тәжірибе алмасу университеттің даму басымдықтарының бірі.

Ары қарай оқу >>

Күн энергиясын жинақтау – жаңа бағыт

22.02.2022

Қазіргідей технологиясы дамыған заманда энергия өндірудің әдіс-тәсілдері сан алуан. Кез келген өндіріс орнында өнім сақтайтын қойма болады. Бірақ әзірге энергетика саласының негізгі өнімі, яғни электр энергиясын сақтау мүмкіндігі жоқ. Алдағы уақытта ауқымды электр стансалары өнеркәсіптік энергияны сақтау және әртүрлі электр жинақтаушы нысандар өндіруге назар аударуы тиіс. Өйткені жаңартылатын энергия көздерінің қарқынды дамуы бұл міндетті күн тәртібіндегі басты мәселеге айналдырды. 

Ары қарай оқу >>

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

22.02.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ІХ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі аясында Дүниежүзілік радио күніне орай, «ХХІ ғасырдағы радионың рөлі: жаһандық перспектива, тұрақты даму, сенімді ақпаратқа қол жеткізу, адам тағдырына әсері» атты конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Депутаттар ҚазҰУ студенттерімен кездесті

21.02.2022

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Елнұр Бейсенбаев және Мәди Ахметов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келді. Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары алдымен қалашықты аралап, білім ордасында атқарылған жұмыстарға қанықты. Сонымен қатар алдағы уақытта университет аумағында салынатын оқу ғимараттары мен жатақханалардың жоспарымен танысты.

Ары қарай оқу >>

Ректор түрік кәсіпкерлерімен жүздесті

21.02.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев түрік кәсіпкерлерімен жиын өткізді. Кездесу барысында түрік кәсіпкерлерімен серіктестік туралы мәселе талқыланды. 

Ары қарай оқу >>