Mикробалдырлар әлемдік өнеркәсіпті өзгертпек
10.03.2022Алдағы уақытта әлемде микробалдыр өндірісі жыл сайын тұрақты түрде өсіп отырады. Бұл – Fututre Market Insights компаниясының болжамы. Өйткені тұтынушылар арасында органикалық таза, құнарлы тағамдар мен биологиялық белсенді қоспаларға (ББҚ) деген сұраныс өсуде. Компания зерттеулерінде 2031 жылға дейін аталмыш нарық көлемі 135 млн АҚШ долларына жететіні көрсетілген. Микробалдыр өндірісіне қарқын беретін тағы бір сала – агроөнеркәсіп.






