Жаңалықтар

Ислам тақырыбына қызығушылар артты

24.03.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі шығыстанушы, Мичиган университетінің профессоры А.Д.Кныштың қатысуымен «Академиялық исламтану және конфессиялық исламтану: жақындасу немесе өзара бас тарту?» атты тақырыпта вебинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

Фуллерендер – қасиеті керемет молекула

24.03.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің ғалымдары «Қолдану ауқымы кең көміртекті наноқұрылымды материалдар өндірісін ұйымдастыру» жобасын жүзеге асырып жатыр. Наноматериалдар – бүгінгі күннің тың тақырыбы. Қолданыс аясы ауқымды болғандықтан, оған әлемде қызығушылық та, сұраныс та басым. Ал біздің ғалымдар осы жобаны іске асыру арқылы алдына қандай мақсат-міндет қойып отыр? Бұл жобаның тиімділігі неде? Жоба жетекшісі Данияр Исмаиловтың қатысуымен бүгін оқырмандарды осы зерттеу жұмысымен таныстырмақпыз.

Ары қарай оқу >>

Саяси реформаларға саясаттанушы-сарапшылар пікірі

18.03.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Саяси реформалар 5.0: сарапшылар көзқарасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған танымал ғалымдар мен сарапшылар, саясаттанушылар, оқытушы-профессорлар және  білім алушы жастар қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын талқылады.

Ары қарай оқу >>

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОРЫ: РЕФОРМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ТОЛЫҚҚАНДЫ НЕГІЗ БАР

18.03.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын ел азаматтары айрықша күтті. Өйткені бұл шын мәнінде әдеттегі Жолдаудан мәні ерекше, Жаңа Қазақстанды дамытудың алғышарты мен саяси реформалардың жаңа бағдарламасы айқындалатын маңызды сәт еді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды

18.03.2022

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Наурыз мейрамы тойланды

17.03.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз апталығы аясында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Бейіндік мектебінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.

Ары қарай оқу >>

«Студенттік көктем-2022» - шексіз шығармашылық!

17.03.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттік көктем-2022» шығармашыл жастар фестивалі өз мәресіне жетті. Жыл сайынғы дәстүрлі сайыста ең креативті, жарқын және талантты қатысушылар анықталып, қорытындысы шығарылды.

Ары қарай оқу >>