8D06303 КРИПТОЛОГИЯ
БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
- · Мамандығы: Криптология
- · Мамандық шифры: 8D06303
- · Факультеті: Ақпараттық технологиялар
БIЛIКТIЛIГІ
- · Ғылыми-педагогикалық бағыт – философия докторы (PhD)
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін докторанттар келесі қабілеттерге ие болу керек:
- Ғылыми нәтижелерді заманауи нысандарда, сондай-ақ жоғары импакт-факторы бар ғылыми журналдарда білікті таныстыру мақсатында академиялық мәтінді дайындаудың, жазудың, редакциялаудың негізгі қағидаттарын, ережелерін, нормаларын қолдану.
- Криптология саласындағы проблемаларды ғылыми тұжырымдау үшін қолданбалы, эксперименттік, теориялық зерттеулердің заманауи теориясы мен тұжырымдамасы, әдістері мен әдістемелері негізінде зерттеулер жүргізу.
- Ақпаратты криптографиялық қорғаудың негізгі әдістері мен құралдарын қолдану, теориялық тәсілді, модельдеуді және симуляциялау қолдана отырып, қауіпсіздік механизмдерін бағалау
- Ақпаратты бақылау және қорғау үшін қолданылатын қолданыстағы әдістер мен құралдарды талдау және оларды жетілдіру және осы қорғаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлеу;
- Қолданыстағы посткванттық криптографиялық тәсілдерді, хэш-функцияларға негізделген посткванттық криптожүйелерді жобалаудың тиімді әдістерін меңгеру, криптожүйелерді (цифрлық қолтаңба алгоритмдері) зерттеу жүргізу.
- Криптологияның заманауи әдістемесін қолдана отырып, теориялық, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде деректерді криптографиялық түрлендірудің ғылыми тәсілдерін, әдістерін әзірлеу.
- Симметриялық криптографиялық әдістерді қолдана отырып, кілттерді құру механизмінің теориялық және қолданбалы аспектілерін меңгеру; кілттерді бөлудің тұжырымдамалық модельдерін құру принциптерін меңгеру; кілттерді басқару қызметтерінің сипаттамаларын зерттеу; кілттерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарды білу; ақпараттық ресурстарды қорғау деңгейін бағалау.
- Машиналық оқыту жүйелеріне негізделген компьютерлік бағдарламалар мен олардың модульдерін құру; берілген бастапқы деректер жиынтығы үшін машиналық оқыту жүйелерін құра білу.
- Қауіпсіздікке, берілетін хабарламалардың түпнұсқалығын анықтауға, ақпаратты (құжаттарды, деректер базасын) сақтауға, жасырын қызметтік ақпаратты ендіруге қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, нақты ақпараттық жүйелерде криптографиялық хаттамаларды талдауды және қолдануды әзірлеу; криптографиялық хаттамаларды пайдалану.
- Криптология, аналитикалық және проблемалық-бағдарланған дағдыларды дамыту, криптоанализдің заманауи әдістерін терең түсініп, қолданыстағы криптографиялық жүйелерді талдауға және жақсартуға қабілетті өз зерттеулері мен жобаларын жүргізу.
Міндетті пәндер:
Академиялық жазу
Ғылыми зерттеудің әдістері
Криптографиялық алгоритмдерді талдау әдістері
Қауіпсіздікті бағалау модельдері мен әдістері
Элективті пәндер:
Криптографияның теориясы, әдістері мен құралдары
Ақпараттық қауіпсіздік криптографиялық құралдарын жобалау
Хеш-функциялар негізіндегі посткванттық криптография (ҒЗИ)
Криптология мәселелеріндегі машиналық оқыту әдістері
Криптографиялық хаттамаларды әзірлеу және талдау
Криптоталдаудағы жаңа бағыттар (ҒЗИ)
Кәсіби тәжірибелер:
Педагогикалық практика
Зерттеу практикасы
Ғылыми семинар
Бітіру семинары
Ғылыми тағылымдама






