6B06302 Криптология
БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
- · Мамандығы: Криптология
- · Мамандық шифры: 6B06302
- · Факультеті: Ақпараттық технологиялар
БIЛIКТIЛIГІ
- · бiрiншi жоғары бiлiм - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры
ТҮЛЕКТЕР МОДЕЛІ
Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін студенттер келесі қабілеттерге ие болу керек:
1. Заманауи ақпараттық - коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалану, мемлекеттік және шет тілдерінде АКТ саласындағы дағдыларын меңгеру.
2. Тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде әртүрлі жағдайларды бағалау; әлеуметтік ортада жеке тұлғаны қалыптастыру, анықтау және салауатты өмір салтына бағдарлау.
3. Іргелі математиканың классикалық бөлімдері бойынша негізгі білімдерін, математиканың негізгі идеялары мен әдістерін, негізгі математикалық құрылымдар жүйесін криптология саласында қолдану.
4. Бағдарламалық жабдықтаманы, веб-қосымшаларды, дерекқорды басқару жүйелерін әзірлеуде және қолданбалы есептерді шешуде бағдарламалау тілдерін (С++, Python, Java, C#) қолдану
5. Қауіпсіз операциялық жүйелерді, компьютерлік желілерді және телекоммуникацияларды қоса алғанда, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін басқару және тәуекелдерді талдау үшін заманауи технологияларды, модельдерді, әдістер мен құралдарды иелену
6. Шифрлау алгоритмдерін құру қағидаларын меңгеру, бағдарламалық және аппараттық деңгейлерде ақпаратты қорғау есептерінде деректерді шифрлаудың криптографиялық әдістерін жүзеге асыру
7. Шифрлардың крипто-төзімділігіне әсер ететін заманауи шифрлардың құрылымын және олардың сипаттамаларын түсіну; шифрлау алгоритмдерінің крипто-төзімділік деңгейін талдау; заманауи криптожүйелерге криптоталдаудың статистикалық және аналитикалық әдістерін қолдану
8. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, оның ішінде криптологияда деректерді криптографиялық қорғаудың құқықтық нормалары мен стандарттарын, техникалық жүйелері мен құралдарын қолдану.
9. Интернет заттар (IoT) инфрақұрылымы шеңберінде веб-қосымшалар қауіпсіздігі саласындағы стандарттар мен ерекшеліктерді, құрылғылар мен желілерді қорғау қағидалары мен әдістерін қолдану, әртүрлі деңгейдегі объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етудің технологиялары мен бұлтты құралдарын меңгеру
10. Сенімді бағдарламалық жасақтаманы жобалау, әзірлеу, тестілеу, жасанды интеллекттің жұмыс қағидаларын түсіну және қолданбалы есептерді шешуде, соның ішінде криптология саласында машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану.
11. Эллиптикалық қисықтарға негізделген криптографиялық схемаларды жүзеге асыру, кілттерді кванттық бөлудің негізгі хаттамаларын, цифрлық қолтаңбалар мен аутентификациядағы хэш функцияларын, цифрлық коммуникацияларда құпиялылықты, тұтастықты және аутентификацияны қамтамасыз ету үшін криптографиялық хаттамаларды қолдану
12. Табиғат пен қоғамның жұмыс істеуі мен дамуының негізгі заңдылықтарын білуді, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, этикалық, саяси және төтенше жағдайларда барабар бағдарлауды білуін көрсету.
Міндетті пәндер:
Криптологияға кіріспе
Математика
Дискретті математика
Сандар теориясы және криптография негiздерi
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Ақпаратты қорғау негіздері
Криптографиядағы алгоритмдер және деректер құрылымдары
Нысандарға бағытталған программалау (С++)
Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу
Python тiлiнде бағдарламалау
Деректер қоры теориясы
Машиналық оқыту
Операциялық жүйелер және қауіпсіздік
Заманауи криптожүйелер
Криптографиялық әдістер
Криптоалгоритмдерді аппараттық жүзеге асыру
Эллиптикалық қисықтардағы криптография
Кванттық криптография
Криптографиялық протоколдар
Ашық кілтті криптография және электронды цифрлы қолтаңба
Қазақстан тарихы
Философия
Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану, Психология)
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
Шетел тілі
Қазақ (орыс) тілі
Дене шынықтыру
Элективті пәндер:
Жалған-кездейсоқ генераторлар теориясы
Криптографиялық хэш функциялары
Қауіпсіздіктің техникалық жүйелері
Ақпараттық қауіпсіздіктің нормативті-құқықтық қамтамасыздандыруы
Криптографиялық құралдарды стандарттау және сертификаттау
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін талдау
Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар
Желілік қауіпсіздік
Web –программалау
Веб қауіпсіздігі
Блокты шифрларды криптоталдау
Ашық криптографиялық әдістерін криптографиялық талдау
Компьютерлік криминалистика
Киберқауіпсіздіктегі технологиялар
Техникалық құрылғылар мен ақпаратты қорғау әдістері
Компьютерлік жүйелердің қауіпсіздік модельдері
Бұлтты технологиялар қауіпсіздігі
Интернет заттарының қауіпсіздігі
Әл-Фараби және қазіргі заман
Абай ілімі
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
Кәсіпкерлік
Ғылыми зерттеудің әдістері
Қаржы сауаттылығының негіздері
КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕЛЕР:
Кәсіби (оқу) практика
Кәсіби (өндірістік) практика
Кәсіби (өндірістік) практика
Кәсіби (өндірістік) практика
Кәсіби (дипломалды) практика






