Математикалық және компьютерлік модельдеу

5B070500– МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛДЕУ

5B070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығы бойынша мамандар дайындау мынадай мамандандырулар бойыншаіскеасырылады:

  • Математикалық моделдеу;
  • Компьютерлікмоделдеу. Факультетте оқыған жылдар ішінде 5B070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығының студенттері мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған барлық міндетті базалық және кәсіби пәндерден іргелі білім ала алады.

Оқу барысында 5B070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығының студенттері өз қалауы бойынша мамандықтың дәстүрлі таңдау курстарымен қатар ғылымның басқа да, математика, экономика, техника т.с.с. салаларына қатысты таңдау курстарын тыңдай алады.

5B070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығын бітірушіге “Математикалық және компьютерлік моделдеу бакалавры“ академиялық дәрежесі беріледі.

Аталған мамандықты бітірушілер мынандай қызметтер істей алады:

  • Ұйымдастыру-басқару мекемелеріндегі маман, жетекші инженер, инженер-программист;
  • Ғылыми зерттеу институттарының кіші ғылыми қызметкері;
  • Ғылыми зерттеу мекемелеріндегі ғылыми маман, инженер, жетекші инженер, математик-программист;
  • Білім мекемелеріндегі математика және информатика мұғалімі т.с.с.

5B070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет объектілері: Ғылыми-зерттеу мекемелері; Телекоммуникациялық мекемелер; Білім мекемелері; Өнеркәсіптік өндіріс.

5B070500 – Математикалық және компьтерлік моделдеу мамандығын бітірушілер өз оқуларын осы мамандық (немесе басқа жақын мамандықтар) бойынша магистратурада (оқу мерзімі 2 жыл), одан соң PhD докторантурада (оқу мерзімі 3 жыл ) жалғастыра алады.