«Экологиялық сауаттылық»

География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасы, Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығы 1-2 курс қазақ тобының куратор-эдвайзері Бекжанова Актоты Утеповнаның кураторлық сағат бойынша есеп беруі.

 

       Студенттермен Тұрақты даму мақсаттарының «Таза су және санитария» 6 тармағы бойынша «Экологиялық сауаттылық» тақырыбында кураторлық сағатты университетіміздің психологы Амангелді Мейрамбекұлының қатысуымен өткіздік. 

 C:\Users\user\Downloads\WhatsApp Image 2024-02-05 at 12.35.53 (1).jpeg   C:\Users\user\Downloads\WhatsApp Image 2024-02-05 at 12.35.52.jpeg



      Экология ғылымының 4 заңы бойынша студенттермен пікірталас жүргізе отырып талқыладық. Олар:  

  1. Барлығы барлығымен байланысты:

  2. Ештеңе ешқайда жоқ болып кетпейді;

  3. Табиғат жақсырақ біледі;

  4. Ештеңе тегіннен тегін берілмейді. 

      Студенттер әрқайсысы осы заңдылықтар бойынша ойларын ашық білдіре отырып, осы тәртіпті сақтау үшін қандай әрекеттер атқарып жатқандарына есеп берді. 

      Кураторлық сағат барысында «Экологиялық таза тағам» және «Экологиялық адам» ұғымдары туралы да кеңінен сөз қозғалды. Бұл тақырып студенттер үшін өте қызықты және адамға ой салатын көп дүниелер айтылды. Болашақта өздерінің саналы адам ретінде тек қоршаған ортаға ғана емес, бір-бірлеріне де ешқандай зиян келтірмеуге, сыйлауға, айналасына құрметпен қарау қажет екенін тағы да бір пысықтап айтып өтті. 

 

      Куратор-эдвайзер А.У. Бекжанова

Басылым күні :  20.02.2024