Тұрақты даму аясында Сапалы білім беру мақсатындағы «Білім күні» атты тәрбие сағаты.

 

        Білім күніне орай қыркүйек айының 1 жұлдызында Әл-Фараби кітапханасында өтетін мерекелік іс-шараға қатыстық.

        Мерекелік іс-шарада студенттерді «Білім күнімен» факультет деканы А.С. Актымбаева және барлық кафедра меңгерушілері құттықтап, жақсы лебіздерін білдірді.

Жолдау аяқталғаннан кейін филологтардың қатысуымен, барлық студенттердің шет тілі бойынша деңгейлері анықталды. Бұл деңгейді анықтау сабақ кезінде студенттік топтарға бөліп, деңгейіне қатысты оқытушы бөлу үшін жасалатын шара.

 

        Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы шөлейттену процестері: факторлары, салдары және мәселені шешу жолдары» тақырыбында кафедрамыздың профессоры Көшім Әсима Ғалымжанқызының көшбасшылық дәрісі тыңдалды. Студенттер дәрісті асқан қызығушылықпен тыңдап, өз пікірлерінде қосып отырды.

        Мерекелік іс-шарада студенттер президент Қ.К. Тоқаевтың жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдады.

        Жолдаудың алдында еліміздің әнұраны айтылды. Студенттер Президенттің жолдауын мұқият тыңдап, жастарға, студенттерге қатысты айтылған ақпараттарды назар аударды.

Басылым күні :  07.12.2023