Тұрақты даму аясында Сапалы білім беру мақсаты бойынша Ұлттық мұражайға бару.

 

      Оқу мен тәжірибені, өткен мен бүгінгіні ұштастырып, оқу-тәрбие жұмысында ұстаздарға септігін тигізетін бірден бір көпір – ол ұлттық мұражайымыз.

      Картография және геоинформатика кафедрасының Геодезия және картография мамандығының 1 курс қазақ бөлімі (1,2,3 топ) студенттері сабақтан тыс 11.10.2023 жылы куратор-эдвайзерімен бірлесе сүйікті қаламыз Алматының әсем жерлері мен мәдениет орындарын аралап, танысып қайтуды қолға алдық.

      Мақсаты: Мұражайға саяхат жасау тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, студенттерді ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.

      Ол әрине бірінші саяхаттап қайтқан жеріміз Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайы болды. Ол жерде сонау ата-бабамыздың тыныс тіршілігімен, тарихымыз бен мәдениетіміз туралы кеңінен ақпарат алып, саяхат жасап қайттық.

Басылым күні :  07.12.2023