ТДМ 8 – Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу. ҚР ТЖМ орталық аппаратының және "Сейсмология институты" ЖШС өкілдерімен кездесу.

 

Бүгін картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен факультет аясында тағы бір ерекше кездесу болып өтті. Жұмыс берушілер, яғни ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Амрин Р.Н., «Сейсмология институты» ЖШС директоры Сәрсенбаев Д.Ә., сонымен қатар, аталған орталық аппаратының өкілдері, Нурканов А.А., Данабаева А.Т., Исагалиева А. болашақ жас мамандармен кездесті.

Мұндай кездесулер студенттердің өндірістік тәжірибелерден өтуіне және түлектерді жұмысқа қабылдау кезінде тікелей жұмыс беруші ретінде әрекет ету арқылы білім сапасына, сонымен қатар білім алушының мамандыққа деген қызығушылығына әсер етеді.

Факультеттің жұмыс берушілерімен бірігіп жұмыс жасауы, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге; серіктес мекемелерде өндірістік тәжірибені ұйымдастыру мәселелеріне, оқу жұмыс орындарын жарақтандыру және студенттерді кәсіпорындарда заманауи жабдықтарда оқытуды ұйымдастыруға да септігін тигізеді.

Кездесу барысында жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселелесі, олардың одан әрі жұмысқа орналасуы, білім сапасын көтеру және түлектердің кәсіби қасиеттерін дамыту, сондай-ақ университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мәселелерімен қатар, ғылыммен айналысқысы келетін жастарға үлкен мүмкіндік екені айтылды. Оқып жүріп қосымша графикпен жұмыс жасауға (еңбек ақысы қарастырлған) және магистранттар өздерінің диссертация тақырыптарына қажетті мәліметтер алуына болатынын, докторантураға да сол жерде жүріп бағытына байланысты тың мәліметтер жинақтап, түсуіне болатыны туралы қарастырылды.

Аталған мәселелерді талдауда көптеген студенттер белсенділік танытып, өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тиісті нақты жауаптарын алды.

Болашақта аталған мекемелермен байланыс жасалып, кадрлар даярлау мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланды.

Басылым күні :  26.11.2023