ТАЗА СУЛАРДЫҢ ӨЗДІГІНЕН ТАЗАРУ ҚҰБЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЛАСТАНУЫ

 

      Қарашаның 17 жұлдызында «Табиғи-техногенді қауіп-қатерлер» мамандығының 3 курс студенттерімен «Табиғи ресурстар географиясы» пәні бойынша Тұрақты дамудың 6 «Таза су және санитария» бағыты аясында «Таза сулардың өздігінен тазару құбылысы және ластануы» атты семинар сабақ өткізілді.

      Семинарда қазіргі уақыттағы өзекті де өткір мәселе сулардың ластануы мен оның өздігінен тазару үдерісі талқыланып, студенттер өздері дайындап келген презентациялары бойынша баяндама жасап, өз ұстанымдары мен ойларын орта салды.

      Қазіргі уақытта су көздері өндірістік қалдықтар, температураның жоғарылауы, ауыл шаруашылығында улы пестицидтерді қолдану, ормандарды кесу, мұнайдың төгілуі сияқты антропогендік әсердің салдарынан қатты ластануда. Сулардың ластануын төмендетуге бағытталған іс ең алдымен технологиялық процесстер мен суды пайдалану, тазарту әдістері туралы, судың ерекше бір қасиеті - өздiгiнен тазару үдерістері де кеңінен талқыланды. Тұщы сулардың өздігінен тазалануы онда тіршілік ететін бактериялар, балдырлар және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер және омыртқасыз жануарлар сияқты организмдердің тіршілік процесіндегі әрекеті арқылы жүзеге асады. Сондықтан табиғатты қорғаудың міндеті – судағы осы тіршілік қатынастарын сақтап, бірқалыпты ұстау болып табылады.

      Су қорын зерттеу, есепке алу, оларды кешенді түрде пайдалануды жоспарлау, болжамдау, жербеті мен жерасты суларын ластаудан сақтау, суды тұтынушыларға жеткізіп беру қазіргі күннің басты мәселесі.

 

Басылым күні :  26.11.2023