ТДМ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ "ГеоМастерА" ЖШС "Геодезиядағы жаңа технологиялар" атты семинар, эдвайзерлік сағат

 

ҚазҰУ Картография және Геоинформатика кафедрасына “ГеоМастерА” ЖШС шақырып, “Геодезиядағы жаңа технологиялар” атты семинар өткізген болатынбыз.

 

«ГеоМастерА» ЖШС – геодезиялық аспаптарды жеткізу саласындағы серпінді дамып келе жатқан компания. 2015 жылдан бастап геодезиялық аспаптардың кең ассортиментін шығаратын SOUTH GOODGEING & MAPPING INTRUMENT өнімдерінің Қазақстан мен Орталық Азиядағы ресми дистрибьюторы болып табылады:GNSS қабылдағыштары, жалпы станциялар, теодолит, нивелир,қашықтық өлшегіш,радио модемдер, және т.б. Семинар барысында GPS G7 аспабымен таныстық.

 

GPS G7 шығарған кезде әзірлеушілер байланыс арналарын жаңартуға назар аударды. Радио протоколы мен GSM модемі жаңартылды, бекітілген шешімді алу жүйесі жетілдірілді. Ресивердегі стандартты 3 Вт орнатылған радио модем патенттелген FarLink деректер алмасу протоколының технологиясын пайдаланады. Технология тек 15 км қашықтықтағы ішкі радио арқылы «база+ровер» режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 

“ГеоМастерА” ЖШС-дан жаңа технологиялар жайлы ақпарат берген Адилжанов Икрам Адилжанович, Щекутеев Александр Ергалиевич және “ГеоМастерА” ЖШС директоры Кусаинов Айдын Нурсолтановичке алғысымызды білдіреміз.

 

Кафедрамыздың меңгерушісі Айжан Асылбековна келіп сәттілік тілеп, “ГеоМастерА” ЖШС-не факультет атынан алғысын білдіріп, алдағы уақытта көлемді семинар өткізуге шақырды. Семинар өте қызықты әрі пайдалы ақпараттарды алдық. Соңғы үлгідегі аппараттармен танысып, сұрағымызға жауап алып та үлгердік. Жаңа технологиялармен бәрі жеңіл екеніне тағы көзіміз жетті.

 

 

Қосымша

 

https://www.instagram.com/reel/CzNdmLwNGYi/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Басылым күні :  05.11.2023