Тәуелсіздік тұғырым!

 

      География және табиғатты пайдалану факультеті, картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы Ж.А. Маженова 25.10.2023 жылы  №15 жатақханада кезекшілік  атқардым. Кезекшілік барысында Республика күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым!» атты тақырыпта студенттермен іс-шара өткізілді.

      1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздерімі бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.

      2022 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, оған сәйкес Республика күні аталды. мемлекеттік мереке мәртебесі берілді.

      Республика күні еліміз аумағында жоғары  деңгейде және шет елдердегі жерлестеріміз, қандастарымыз отбасымен және туған-туыстарымен атап өтті. №15 жатақханада студенттер оның ішінде біздің кафедраға қатысты «6В05206- табиғи-техногендік қауіп-қатерлер», «6В07302-геоинформатика»  және басқа да білім беру бағдарламасының студенттерімен қарсы алдық. Көк туымыз әрқашан желбірей берсін!

 

      Старший преподаватель кафедры

      картографии и геоинформатики                                                                    Ж. А. Маженова

 

Басылым күні :  27.10.2023