“Әйелдің қоғамдағы статусы”

 

        Қазанның 18 жұлдызында Картография және Геоинформатика кафедрасының “Геодезия және картография” мамандығының 3 курс студенттерімен Тұрақты даму бойынша гендерлік теңдік мақсаты негізінде “Әйелдің қоғамдағы статусы” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

       Ашық сабақ бүгінгі күннің өзекті мәселесі жайында студенттер арасында пікір талас ретінде өткізілді.

       Бұл ашық сабақта әйелдердің қоғамдағы қазіргі жағдайы, оның ішінде білім беру, жұмысқа орналасу және саясаттағы тең мүмкіндіктер жан-жақты талқыланды. Біз әйелдерге қатысты стереотиптерді және олардың қоғамдағы әйелдердің жағдайына әсерін қарастырдық.

 

Басылым күні :  27.10.2023