Ұйымдасқан ұтады

 

    Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) - бұл кедейлік пен кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға,жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар. 2030 жылға дейін 17 негізгі бағыттар таңдалды, олардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге жетелейді.

       Тұрақты даму мақсаттарын енгізу және оған қол жеткізу процесі БҰҰ өкілдері тарапынан да, Қазақстан Республикасының үкіметі тарапынан үнемі бақыланады. ТМД-ның ішінде 17 тармақ «Тұрақты даму үшін серіктестік бойынша» қазан айының 5-ші жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  психологиялық қолдау қызметімен  ұйымдастырылған  психолог Амангелді Мейрамбекұлымен бірге география және табиғатты пайдалану факультеті, картография және геоинформатика кафедрасының  доценті Г.К.  Джангулова, «геоинформатика-6В07302» БББ қазақ және орыс бөлімдері 1 курс студенттерінің эдвайзері Ж.А. Маженова тұрақты даму мақсаттарымен байланыстырылған іс-шараға қатысты. Студенттердің өз қалаулары бойынша таңдалған тақырып «Ұйымшылдық». 

 

       Ұйымшылдық бұл қазіргі университет қабырғасын аттаған білім алуға ұмтылған 1 курс білім алушылары арасында өте маңызды және өзекті тақырып. Қазақстанның барлық облыс аумақтарынан жиналған жастарға қарашаңырақ аясында ұйымшыл, талпынысы жоғары білімге ұмтылған жастар университет қабырғасын аттаған сәттен бастап бір мамандықты таңдаған студенттер бір-бірімен ұйымшыл болуға бір-бірін қолдау қажет. Ұйымшылдық бұл- топпен жұмыс жасай алу, топтағы студенттердің бір-біріне демеуі, қолдау көрсете алуы болып табылады. Ұйымдасып жасалған кез-келген әрекеттер топты және топтағы студенттерді үнемі алға жылжытып жақсы жетістіктерге жетуге ынталандырады. Осы тақырып аясында студенттер өз өмірлік жолдарында жақсы дағды қалыптастырады деп сенеміз.

  

Басылым күні :  27.10.2023