«Ұйымшылдық»

 

     Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) - бұл кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар. 2030 жылға дейін 17 негізгі бағыттар таңдалды, олардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге жетелейді.

      ТДМ –ның ішіндегі 17 тармақ «Тұрақты даму үшін серіктестік» бойынша, әл –Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Психологиялық қолдау» қызметін пайдалана отырып, 1-2 курс «Табиғи-техногендік қауіп -қатерлер» мамандығының студенттерімен «Ұйымшылдық» тақырыбында Психологиялық сағат өткізілді.

C:\Users\bekzhanova.aktoty\Desktop\c8b76a3c-8864-43e2-95ed-23ce1ffa9a4b.jpg  

    «Тұрақты даму үшін серіктестік» мақсатының бірден-бір міндеті – «Барлық елдерге, әсіресе дамушы елдерде тұрақты даму саласындағы мақсаттарға жетуді қолдау үшін білім, тәжірибе, технологиялар мен қаржылық қорларды жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен толықтырылатын тұрақты даму мүддесіндегі Ғаламдық серіктестікті нығайту» негізге ала отырып, студенттерді қазіргі кезден бастап, бір-бірімен ұйымдасып бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрену керектігі туралы сөз етті. Сонымен қатар, ұйымшылдықтың пайдасы және ұйымшыл болмаған жағдайда адамға, жалпы қоғамға қандай кері әсері болатын атап көрсетті. 

       Психолог Амангелді Мейрамбекұлы студенттердің көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап бере отырып, өз сөзінде «Біз адамның қазіргі деңгейі, жай-күйі қандай екеніне емес, болашақта қандай тұлға болып қалыптасатынына мән беруіміз керек. Сол үшін де қоғамға пайдалы адам болу үшін, еліміздің өркендеуіне үлес қосар азамат болуы үшін, қазірден бастап өзара бірлесіп жұмыс жасай алу, тіл табысу, сыйлай білу, көмек қолын тигізе білуді үйрену керек. Қорыта айтқанда, жалпы адамда жаман қасиеттер болмайды, біздің мақсатымыз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді көбейте отырып өзімізді дамыта білу керек екендігіне басты назар аудару қажет екенін жеткізді». 

        Психологпен кездесу студенттер үшін өте тиімді болды деп есептеймін.

  C:\Users\bekzhanova.aktoty\Desktop\13adec11-ed6b-478f-b2c8-b89676439272.jpg

        Куратор-эдвайзер - А.У. Бекжанова

Басылым күні :  27.10.2023