“Ертеңіңді ойласаң,есірткіге жолама!”

 

       Қыркүйек айының 27-жұлдызында Картография және геоинформатика кафедрасының “Геодезия және Картография” мамандығының 3-курс студенттерімен Тұрақты даму бойынша Жақсы денсаулық және әл-ауқат мақсаты негізінде  “Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 

      Ашық сабақ бүгінгі күннің ауқымды мәселесі жайында студенттер арасындағы дискуссия ретінде өтті. Студенттер презентация арқылы есірткінің салдарынан зардап шеккен адамдардың статистикасымен танысып, оларға әр жыл бойынша талдау жасалынды. Есірткінің адамға тигізетін кері әсері талқыланып, ғасыр дертінің адамға тигізер зияны туралы айтылды.

 

  

Басылым күні :  27.10.2023