«Климаттың өзгеру жағдайындағы шөлейттену процесі»

 

🔰2023 ж. 24 қазанда «Климаттың өзгеру жағдайындағы шөлейттену процесі» тақырыбында AP09058590 «Тұрақты жер пайдалану мақсатында ЖҚЗ мәліметтері мен ГАЖ пайдаланып, Жамбыл облысы Талас ауданы жерлерінің шөлдену және деградациялану процесіне мониторинг жасау» жобасы бойынша «Құрлық экожүйелерін қорғау» 15-ші тұрақты даму мақсаттарын дәріптеу аясында ғылыми семинар өтті.

Спикер: Инжиниринг және жоғары технологиялар кластері бас директорының орынбасары, картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы Тәукебаев Өміржан Жалғасбекұлы.  Ғылыми семинарға география және табиғатты пайдалану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен магистранттар, докторанттар қатысты. Жер деградациясының ерекше көріністерінің бірі - адам әрекеті мен климаттың өзгеруінен туындаған "техногендік  шөлейттену". Қазіргі шөлдердің басым аумағы антропогендік әсерден пайда болған. БҰҰ мәліметтері бойынша, құрғақ жерлер әлемнің 100-ден астам елдерінде жер бетінің 43% - на дейін алып жатыр және планетаның құрғақ жерлерінің 70% - ы топырақтың деградациясынан зардап шеккен. Қазір әлемде шөлейттену процесінің жылдамдығы жылына 7-10 млн гектарға жетті. Сонымен қатар, жыл сайын тағы 20 миллион га жер эрозия мен құм басу салдарынын өнімділігін жоғалтады. Қазақстан аумағының басым бөлігі құрғақ аймақта орналасқан және жердің шөлейттенуі мен тозу процестеріне шамамен 76,1%-ы әртүрлі дәрежеде ұшыраған. Республика аумағындағы 273,5 млн. гектардың 191,1 млн. гектарына жуығы шөлейттенуге ұшыраса, 100 мың гектардан астамы қайта тұзданған. Семинарда метеорологиялық, гидрологиялық көрсеткіштер, далалық зерттеулер және ЖҚЗ деректері негізінде алынған ғылыми жобаның басты нәтижелері айтылды.

Басылым күні :  27.10.2023