Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығының 1-2 курс студенттерін «ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексімен» қайта таныстыру

 

       География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасы, Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығы 1-2 курс қазақ тобының куратор-эдвайзері Бекжанова Актоты Утеповнаның кураторлық сағат бойынша есеп беруі.

 

       Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығының 1-2 курс студенттерін «ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексімен» қайта таныстырып шықтым. Университет қабырғасында болып жатқан келеңсіз және студенттер арасындағы ұлтқа бөліну мәселесі туралы туындаған жағдайлармен хабардар еттім. Жалпы «ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексінің» 4-бабына сәйкес, ҚазҰУ студенті кез-келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, əлеуметтік дəрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен қарайды делінген.

       Осы бапқа сәйкес әрбір студент өздерінің әдебін сақтап, айналадағы адамдарға құретпен қарау керектігі айтылды. Сонымен қатар студенттерде өз кезегінде мұндай жағдайларға тап болмағанын айта отырып, әртүрлі ұлт өкілдері білім алып жатқан өз университеттерін құрметтеп, ондағы өзі қатарлы студенттердің әлеуметтік жағдайына, түр келбетіне және ұлтына қарсы бөліну мен кемсітушіліктен аулақ болатындарын жеткізді. 

C:\Users\user\Downloads\WhatsApp Image 2024-02-13 at 13.04.35.jpeg

 

Кураторлық сағаттың соңында аталған құжатпен қайта танысып, жазылған барлық баптарды қатаң сақтауға уәде етті. 

Куратор-эдвайзер А.У. Бекжанова

13.02.2024ж 


 

Басылым күні :  20.02.2024