2023-2024 оқу жылының екінші жартысында студенттерге оқу үрдісі бойынша бағыт бағдар

 

     Болашақ қоғамды тұрақты дамыту үшін БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары негіз болып отыр. Олар адамзаттың жаһандық мәселелерін, оның ішінде Сапалы білім беру бойынша көптеген бағыттағы мәселелерді шешеді. Сондықтан БҰҰ 17 мақсаты өзара тығыз байланысты және біздің басқа елдерден қалыс қалмауымыз және 2030 жылға дейін соған жетуіміз маңызды екенін білеміз.

     Сол мақсатта География және табиғатты пайдалану факультетінің, геоинформатика және табиғатты пайдалану факультетінің, картография және геоинформатика кафедрасының 1-курс (1,2,3 топ қ/б) студенттеріне оқу блілім мен ғылымның болашақтағы қажеттіліктері туралы түсіндірілді.

     Тәрбие сағатының мақсаты:
     Студенттерге жалғыз құрғақ білім үйрету емес біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру. Студенттерді Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне жағдай жасау.

     Тұрақта даму бағдарламасының 4 тармағы- Сапалы білім беру бойынша Ерекше білім беру қажеттіліктерімен студенттерді үшін оқыту кедергісіз қол жеткізу және тең жағдай жасаған ЖОО ұйымдарының үлесі.

     «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші, студенттерімізге ҚазҰУ-нің Ар-намыс кодексімен жатақхана ережелерін қайта еске түсіріп, оқытушыларды сыйлау, аудиторияда өзін жақсы ұстау деген сияқты күнделікті әдеттерді қалыптастыру барысында студенттермен әңгіме дүкен өткізілді. Сонымен қатар 2 семестр бойында оқытылатын пәндермен таныстырылды. Сонымен қатар академиялық саясатты есімізге түсірдік.

 

 

Куратор-эдвайзер                                                         З.К.Сарсембекова

Басылым күні :  15.02.2024