Жалпы оқу жүйесі және емтиханды тапсыру ережесі бойынша жиналыс.

 

      География және табиғатты пайдалану факультетінде картография және геоинформатика кафедрасының эдвайзерлері қаңтар айының 29 күні «Геодезия және картография», «Геоинформатика», «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандықтары бойынша студенттермен жиналыс өткізді.

      Мақсаты:

  1. Көктемгі семестрдің басында оқу жүйесі бойынша түсіндіру;
  2. Көктемгі семестрдің емтихандарын тапсыру ережелері бойынша нұсқаулықпен таныстыру;
  3. Студенттерге техникалық тұрғыдан ақаулықтар кезіндегі әрекеттер алгоритмін түсіндіру
  4. Семестрлік емтихандарға қатысты студенттердің қосымша сұрақтарына жауап беру
  5. Жалпы студенттердің сұрақтарына жауап беру.

      Студенттің емтихан алдында сабақ үлгерімі қаралды және оқытушы тарапынан толық студентке қандай алгаритм бойынша баллдық жүйе есептелетіндігі айтылды. Емтихан форматын қарауға немесе оқытушыдан сұрауға кеңе берілді. Университеттің ішкі ережелері, тәртіп, үлгерім және т.б. сұрақтар қарастырылып, түсіндірілді.

C:\Users\user\Downloads\WhatsApp Image 2024-02-05 at 12.35.53 (1).jpegC:\Users\user\Downloads\WhatsApp Image 2024-02-05 at 12.35.52.jpeg

Басылым күні :  05.02.2024