Дін және сенім.

 

      Қараша айының 29 жұлдызында геодезия және картография мамандығының 3 курстарының ұйымдастыруымен «Дін және сенім» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

      Бүгінгі таңда, Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасуда, демократиялық қоғамдық қатынастар негізі салынып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның болашағы үшін адамдар, ұлттар, діндер, оның ішінде әр түрлі сенім арасындағы өзара қарым-қатынастардың сипаты, бағдары маңызды. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы аталған мәселелерді шешудің құқықтық негізі ар-ождан принципін сақтау болуы мүмкін. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға діни ұйымдардың қызметін ретттеуге бағытталған жаңа заңның қабылдануы болып табылады.

      Діни таңдау жасау заңмен белгіленгенімен оның идеалды, қоғамға тиімді түрін жасау күрделі мәселе болып табылады. Бұл мәселеде ешқандай «әлемдік стандарт» жоқ. Бүкіл әлемдік деңгейде мемлекеттер, мәдениеттер және діндер арасында өзара келісім мен ымыраластыққа жетелейтін басқосулар, диалог қазіргі кезеңде қалыптасқан мәселелерді шешудің бірден-бір жолы деп айтуға болады.

      Адамгершіліктік құндылықтар жалпы адамзаттық сипатқа ие. Тек Құдайға сенетін адам ғана адамгершілікті болады немесе керісінше тек атеист ғана адамгершлік тұрғысынан толыққанды болады деген көзқарастар шындыққа жанаспайды. Қоғамның рухани денсаулығы дін жойылып, атеизм салтанат құрғанына тәуелді емес, бірақ діни және атеистік фанатизм, төзімсіздікті жеңумен байланысты. Ар-ождан еркін, діни көзқарасты таңдау әрбір адамға оның жеке ісі ретінде берілуі тиіс.

Басылым күні :  06.12.2023