Кедейлікпен күрес- ауқымды мәселе

 

       Халықаралық кедейшілікті жою үшін күрес күні - 17 қазан. Осыған орай, «Табиғи техногендік қауіп -қатерлер» мамандығының 1 курс студенттерімен бірге, осы тақырып аясында пікірталас жүргізіп, кураторлық сағат өткізілді.

       Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, дүниежүзі бойынша халықтың 50 пайызға жуығы өмірлік қажеттіліктерін өздері қанағаттандыра алмай отыр деп көрсетеді. Жалпы кедейлік – бұл негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру, қоғамда қолайлы деп саналатын өмір сүру деңгейін ұстап тұру мүмкіндігінің болмауы болып саналады. Орталық Азияны зерттеу институтының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан табысы орташадан жоғары елдерге жатады.

       Кураторлық сағатта студенттер, кедейлік туралы айтқан кезде тек азық-түлік, киімнің болмауы не баспана мәселесі ғана емес, сонымен қатар жоғары білім алуға, медициналық қызмет және өзі қалаған затты алуға жағдайының жетуі керектігін де атап өтті.

       Халықтың әл –ауқатын жақсарту- Рухани және табиғи байлығымызды шашпай - төкпей, ұрпақтан – ұрпаққа аман - есен табыстау екенінде сөз етті.

Пікірталас кезінде олар, этнограф Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының: Бұрыңғылар «Кедейлік үш ағайынды болады» деген. Үлкені – кежірлік, ортаншысы –еріншектік, кенжесі – ұйқы. Бұл үшеуі – бірі желкеңнен тартып, бірі құйрығыңды жерге жабыстырып, бірі қисайта құлатып, жібермей жатқан соң, қолың қайда жетсін? Өзіңнен өзің кері кетіп кетіп қор боласың», – деген сөзіне аса мән беру керектігін жеткізді.

 

Басылым күні :  23.10.2023