Ядролық физика институтын даму стратегиясы

Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің 17 тұрақты даму мақсаттарының аясындаТұрақты даму мүддесі үшін серіктестікке шақырады (ТДМ №17). Осыған байланысты физика-техникалық факультетінде теориялық және ядролық физика кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 13 қыркүйегінде ҚР ЭМ "Ядролық физика институтының" бас директоры С.К. Сахиевтің қатысуымен "Ядролық физика институтын даму стратегиясы" тақырыбында бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. ҚазҰУ-ЯФИ серіктестігі аясында сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін ағымдағы оқу жылынан бастап бакалавриатта "Ядролық инженерия" жаңа білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланады. Негізгі назар болашақ түлектерді жұмысқа орналастыру перспективаларына аударылды.

Басылым күні :  18.09.2023