«Инновациялық ғылыми әзірлемелер» ғылыми семинары

Ғылым шешім қабылдау үшін деректер беру және неғұрлым тұрақты шешімдерді әзірлеу үшін ақпарат беру арқылы тұрақты даму мақсаттарына жетуде іргелі рөл атқарады. Ғылым ТДМ шеңберіндегі ең маңызды өзара әрекеттесулерді анықтау, деректер олқылықтарын толтыруға және прогресті бақылауға көмектесу арқылы трансформациялық өзгерістерді жеделдете алады. Ғылыми семинарлар ғылыми өмірдің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан университет қабырғасында ғылыми семинарларды жүйелі түрде өткізу маңызды. Бұл семинардың мақсаты – жас ғалымдар мен докторанттардың инновациялық қызметін бағыттау. ГҚ және ЖҒК конкурстарына жіберілетін өтінімдер, ғылыми жобалар, олардың мақсаттары мен міндеттері талқыланды. 

Басылым күні :  25.08.2023