Біліктілігі мен азаматтығы тең тұлға

Еліміздің ғылымы мен жоғары білім саласында үлкен із қалдырған, қазақтан бірінші болып теориялық физиканың есігін ашып, төріне шыққан көрнекті ғалым, біліктілігі мен қоғам алдындағы азаматтығы тең тұлға Мейірхан Әбділдин биыл 85 жасқа толар еді. Саналы ғұмырында артында өшпес мол мұра қалдырған, шәкірт тәрбиелеп, соның ішінде Эйнштейннің ЖСТ бойынша ғылыми зерттеу мектебін мұра етіп қалдырған өнегелі ұстаз Мейірхан Мүбарак ұлы қазақ ғылымындағы шоқтығы биік ғалымдардың бірі.

Басылым күні :  25.08.2023