Халықаралық семинар

 

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен магистрант, докторант, оқытушылардың қатысуымен халықаралық семинар өтті. Семинар қонағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің түлегі, қазіргі таңда Осака университетінің қауымдасқан профессоры Ким Виктория.

       Семинарда Ким В. өзінің жақында Ратгерс (АҚШ) универистетінің баспасында жарық көрген «Жапониядағы халықаралық неке саясаты» атты кітабының тұсаукесерін өткізіп. Сонымен қатар Ким В. Жапониядағы зерттеу жұмысының ерекшелігін, халықаралық деңгейі жоғары баспаларда мақалалар жариялау талаптары туралы лекция өткізді.

         Семинар барысында осындай рейтингі жоғары, мықты университет баспасында оқулық, мақала жариялау талаптары сөз етілді. Кітаптың әр бөліміне жеке-жеке таныстырылып, қандай зерттеу жасалғанын көрсетті.

Жапониядағы зерттеу жұмыстарын жүргізу ережелері де айтылды. Әсіресе, анкета жүргізу барсында, шынайы адамдармен жұмыс жүргізілетін болғандықтан, жеке басқа қол сұғушылық, жеке өмірді құпияда ұстау сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Кафедраның магистрант пен докторанттары ерекше қызығұшылық танытып, зерттеу жұмысына қатысты сұрақтарын қойып, кеңестерін алды.

Сонымен қатар рейтингі жоғары халықаралық баспалар, жарияланымдарға қатысты сұрақтар қойылып, талқыланды. Мұндай семинарлардың пайдасы көп екенін, кафедраның магисрант, докторант, ОПҚ ғылыми жұмыс жасау барысында көп көмек тигізетіні сөзсіз.