Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы
![]() |
Байтоқаева Алтынай Шайкенқызы Халықаралық қатынастар факультеті шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 1993 жылдан бері еңбек етіп келеді. 90-нен аса ғылыми еңбектері бар. Ғылыми ізденістері жаңа білім беру парадигмаларымен, білім беру үрдісінің субъектісін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларымен, оны кәсіби дайындау ерекшеліктерімен байланысты. Алтынай Шайкенқызы ғылыми зерттеулерінің нәтижесі бойынша Ресей және Украина Халықаралық Терминологиялық Федерациясы банкісінде жарық көрген «International. Who's who of terminologists» экциклопедиясына енгізілген. А.Ш. Байтоқаева 2006 жылы Халықаралық Ғылым Академиясының корреспондент мүшелігіне қабылданып, құрметті атаққа ие болды. Білім беру, ғылым саласына қосқан үлесі, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 75-жылдық мерейтойына орай төс белгісімен марапатталды.
|
![]() |
Қайрбаева Роза Сахариқызы филология ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры. 1961 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының неміс факультетін үздік бітірісімен С.М. Киров атындағы ҚазМУ-де еңбек жолын бастап, 48 жыл бойы жоғары білім беру саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. 1986 жылдан 1993 жылға дейін ҚазҰУ-дің гуманитарлық факультеті шет тілдер кафедрасының, 1997-2005 жылдар аралығында халықаралық қатынстар факультеті шет тілдер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. Р.С. Қайрбаева 1981ж. «Құрмет грамотасы», 1984ж. «Қазақ ССР білім министрлігінің үздігі» белгісімен, 1987ж. «Еңбек ардагері» медалімен, 1987ж. Қазақ ССР жоғары және орта білім министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 2002ж Алматы қаласы әкімшілігінің «Құрмет грамотасы», 2003ж. «Қазақстан Республикасы білімінің құрметті қызметкері» белгісімен, 2005ж. ҚазҰУ-дің «Құрметті кафедра меңгерушісі», 2009ж. «Күміс» медалімен, 2009ж. «Құрмет» орденімен марапатталды. |
|
|
Котиева Людмила Муратовна филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 1976 жылы АПИИЯ-ны үздік бітірген. 1989 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қызмет істейді. 1990 жылы «Хильдебранд туралы жырдың» Тілдік ерекшеліктері тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Қазіргі уақытта Котиева Л.М. магистранттар үшін оқу құралын жазу үстінде.
|
|
|
Сүлейменова Гүлсім Сейілханқызы ҚазҰУ-дің доценті, «ҚР Білім беру үздігі». 1968 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің филология факультетінің роман-герман филологиясы бөлімін үздік бітірісімен, еңбек жолын осы оқу орынынан бастаған. 2005ж. «ҚР-ны Білім саласының құрметті қызметкері», 2008ж. Республикалық «Халық батыры» номинациясы бойынша «Өз мамандығына адалдық» премиясымен, 2009ж. ҚазҰУ-дің 75-жылдық мерейтойына орай білім, ғылымның дамуына қосқан үлесі және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін төс белгісімен марапатталды.
|
|
|
Мәкішева Мәрияш Қайдауылқызы
ҚазҰУ-дің доценті. 1971 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын үздік тамамдаған соң, жас маман ретінде С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ге жолдама бойынша келіп, еңбек жолын бастаған. Мәрияш Қайдауылқызы еңбек жолында өзін шығармашылық жолмен жұмыс істейтін педагог ретінде көрсете білді. 2009ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 75-жылдық мерейтойына орай білім, ғылымның дамуына қосқан үлесі және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін төс белгісімен марапатталды.
|
![]() |
Бимағамбетова Жібек Тобылбайқызы филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 1980ж. Петропавл педагогикалық институтын аяқтаған. 1997 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де еңбек етіп келеді. 2006 жылы кандидаттық диссертациясын ойдағыдан қорғаған. Жібек Тобылбайқызы қазіргі уақытта бакалавриаттар үшін оқу құралын жазуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 75-жылдық мерейтойына орай білім, ғылымның дамуына қосқан үлесі және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін төс белгісімен марапатталды.
|
|
На кафедре работают опытные старшие преподаватели Токмухамедова З.М., Нургалиева М.Н., Муртаза А.Ш., Арзыкулова Г.Ш., Петухова Н.В., Карипбаева Г.А., Сарбаева Р.Е., Бузуртанова М.М., Джамалдинова М.Т., Дуйсеева Л.А., Есенаманова К.М., Хурмет А., Халыкова Б.А., Рахимбаева Р.М., Жамбылкызы М., Сманова Э.Б., Манабаева Ж.Д., Маткеримова Р.А., преподаватели Шангерей Д.К., Курманкулов М.Т.
|












