Ұлттық инженерлік академияның мүшелері Тұрақты даму орталығына келді

24.02.2025

Көрулер: 2

Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану ғылыми орталығына Ұлттық инженерлік академия делегациясының мүшелері келді. Кездесу барысында қонақтарға топырақ экологиясы зертханасының мақсаты мен міндеттері таныстырылып, зертхананың жаңа, заманауи зертханалық жабдықтары көрсетіліп, олардың мүмкіндіктері мен қолдану ауқымы түсіндірілді. Сонымен қатар, еліміздегі қазіргі топырақтың экологиялық жай-күйі және тұрақты даму аясында осы мәселелерді шешуге бағытталған жобалар талқыланды.