"Аштықты жою" №2 ТДМ аясында кампуста қолжетімді тағам

21.10.2024

Көрулер: 224

2024 жылғы 21 қазанда география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші қабатында "Аштықты жою" №2 тұрақты даму мақсатын орындау аясында ұйымдастырылған "Кампустағы қолжетімді тағам" іс-шарасы өтті. Іс-шара оқытушылар мен студенттерге оқу және жұмыс жүктемесі жағдайында дұрыс тамақтану үшін уақыттың жетіспеушілігі мәселесіне назар аударуға бағытталған. Ұйымдастырушылар "Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО" кафедрасының аға оқытушылары Таныбаева А.К. және Керимкулова А. Б., сондай-ақ "Экология" білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері болды. Олар іс-шараға қатысушыларға сатылатын кондитерлік өнімдер мен жаңа піскен жеміс салаттарын өздері дайындады.Акция студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Барлық түскен қаражатты одан әрі экологиялық бастамалар мен жобаларды қолдауға бағыттау жоспарланып отыр, бұл тұрақты тамақтанудың және жаһандық проблемаларды шешуге белсенді қатысудың маңыздылығын көрсетеді.