Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының студенттерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру

05.09.2024

Көрулер: 347

Ішкі тәртіп ережелері университеттің, адамгершілік, моральдық және этикалық қағидаларын көрсетеді. Оларда  білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, келіспеушіліктерді реттеу алгоритмі белгіленеді. Оқу жылының бірінші аптасында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының эдвайзерлері студенттерді «Академиялық саясатпен», «Студенттің ар-намыс Кодексімен» және ҚазҰУ-дың басқа да нормативтік құжаттарымен таныстырды.