“Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі” мамандығы (“Тіршілік қауіпсіздік негіздері” пәні) бойынша XVІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті
Көрулер: 584
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе отырып, 2024 жылдың 29-30 сәуір аралығында, «6В11201- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы (“Тіршілік қауіпсіздік негіздері” пәні) бойынша XVІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын (РСПО) өткізді. Комиссия төрағасы Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығының оқытушысы Айнабекова Марал Бейсенбековна.
Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету; зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу; сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылықтарын дамыту.
Олимпиада жүлдегерлері:
І дәрежелі:
- М.АуэзоватындағыОңтүстікҚазақстануниверситеті: Имамадин Аруай Қайратғалиқызы, жетекшіcі – Шапалов Шермахан Куттыбаевич
ІІ дәрежелі:
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: Мухамбеткалиева Ботагөз Хайырғалиқызы , жетекшісі – Жуманова Гулдариха Сансызбаевна
- «Торайғыров университет»: Бораш Аружан Ермекқызы, жетекшісі- Алигожина Дина
ІІІ дәрежелі:
- Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті : Әбілқаир Мөлдір Оңғарқызы, жетекшісі – Аркабаев Усен Бекжанович
- Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті: Уразбекова Дильназ Айдарбековна, жетекшісі – Шаймерденова Күлжан Мейрамовна
- Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті: Дәулеткерей Әйгерім Есболқызы, жетекшісі - Тыщенко Елена Михайловна






