Жастар форумы аясындағы сенбілік
27.04.2024
Көрулер: 594
2024 жылғы 25-27 сәуір аралығында өткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90- жылдығына арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты X Мерейтойлық Халықаралық жастар форумының аясында, сондай-ақ "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына орай, форумға қатысушылар қалалық сенбілікке қатысты. Іс-шара барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Сиверс алма ағашының көшеттері отырғызылды.






