ТДМ мақсаттарына жетудегі серіктестік

03.04.2024

Көрулер: 153

2024 жылғы 3 сәуірде сағат 15:30-да ынтымақтастықты ұлғайту мақсатында Логистика және көлік академиясының департамент директорлары мен профессор-оқытушылар құрамына «ТДМ-ның негізгі аспектілері» тақырыбында әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Т.А. және аға оқытушы Танабекова Г.Б., Ошақбай А.А. дәріс оқыды. Дәріс барысында тұрақты даму мақсаттарымен толықтай таныстырылып, кафедрамызда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтылды. Логистика және көлік академиясының негізгі мақсаты алдағы уақытта Тұрақты даму бойынша орталық ашу болып табылады және осы салада қажетті кеңестер мен сұрақтарына жауап алды.