Чэнду политехникалық университетімен Онлайн семинар

13.03.2024

Көрулер: 111

2024 жылғы 13 наурызда  "Экология" және "Экологиялық инжиниринг" мамандығының білім алушылары Чэнду политехникалық университетінің (Сычуань провинциясы, Қытай) өкілдері мен студенттерімен онлайн  кездесуі өткізді. Кездесу барысында екі жоғары оқу орнының студенттері "Инженерлік қоршаған ортаны қорғау" мамандануы бойынша пәндерді оқудың практикалық тәжірибесімен алмасты. Қытай университетінің өкілдері экология саласындағы ғылыми бағыттар мен мүмкіндіктер туралы айтып берді.