15 -наурыз «Қайырымдылық күні»: Қайырымдылық күніне орай Оразада ауыз бекіткен № 4 және 15 -жатахана студенттеріне құрма мен су беру

15.03.2024

Көрулер: 134

2023 -жылдың 15 -наурызында География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы PhD, Қалдыбаева С.Т., өзінің эдвайзерлік тобы 6В11201- «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігі» мамандығының 1 курс студенттерімен бірге 15-наурыз «Қайырымдылық күніне» орай № 4 және №15 жатахана студенттері мен География ғимаратында ауыз бекіткен студенттер мен қызметкерлерге құрма мен су таратты. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Қайырымдылық жасау кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Студенттерді жақсы әдетке баулу ата-ананың ғана міндеті емес, білім алып жатқан ортасындағы ұстаздардың да міндеті болып табылады. Теңізге бір тамшы су тамызғандай болсада, қайырымдылық жасап үйренейік!