"Суық мезгілде вирустық аурулардан қорғану әдістері"

17.02.2024

Көрулер: 135

ТДМ 3 сәйкес, салауатты өмір салтын ұстану және барлық жастағы адамдардың әл–ауқатын арттыру - тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Білім алушылар арасында вирустық инфекцияларды анықтау санын азайту үшін ЮНЕСКО-ның тұрақты даму кафедрасының кураторлары К. Хамитова және Н.К. Джексенбаев 17 ақпан 2024ж. күрі студенттер үйінде "Суық мезгілде вирустық аурулардан қорғану әдістері" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Іс-шараны өткізудің мақсаты - вирустық инфекциялардың алдын алу және емдеу ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру, өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелге қатысушылар дәрілік терапия әрқашан тиімді бола бермейтінін талқылады, өйткені вирустар өздерінің генотипін өзгерте алады. Сондықтан антивирустық стратегияның негізгі бағыты адамның вирустық инфекцияларының алдын алу болып табылады. Іс-шара барысында студенттер вирустық инфекцияларға, әсіресе суық мезгілде, өздерінің иммунитетін дамыту жолдары туралы білімдерін толықтырды.