ЖАҢА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК «Biorisk Management in the Life Sciences / Тіршілік туралы ғылымдардағы биологиялық тәуекелдерді басқару /Управление биорисками в науках о жизни», 305 бет, ЮНЕСКО-ның география және экология факультетінің тұрақты даму кафедрасының доценті дайындаған. -Фараби атындағы Қ

14-жел-23

Көрулер: 316

Оқу құралын әзірлеудің мақсаты – білім алушыларда тіршілік туралы ғылымдардағы биологиялық тәуекелдерді басқару, қоршаған ортаға және адамға қауіпті әсерді уақтылы анықтау, азайту, алдын алу, сондай-ақ ғалымдардың ғылым мен өндірістік қызметтегі жауапкершілігін арттыру үшін қажетті заманауи білім мен қолданбалы дағдыларды игеруді қамтитын жаңа құзыреттерді қалыптастыру, қазіргі қоғамның тұрақты дамуына үлес деп қарастырсақ болады, сонымен қатар бұл тұрақты дамудың 3 ші мен 4 –ші мақсаттарына сәйкес. 

Осы «Тіршілік туралы ғылымдардағы биологиялық тәуекелдерді басқару» оқу-әдістемелік құралы CRDF Global гранты бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығымен» бірлесіп дайындалды. Ұсынылған оқу құралы пәнаралық сипатқа ие және осы мәселенің негізгі аспектілері бойынша анықтамалық деректері бар дәріс материалдарын, талқылауға арналған негізгі сұрақтары бар семинарларды, кейс-стадилерді және нақты жағдай тапсырмаларын қарау бойынша жаттығуларды, сондай-ақ СӨЖ-на арналған тапсырмаларды, қорытынды бақылау сұрақтарын, әдебиеттер тізімі мен қосымшаларды қамтиды. «Тіршілік туралы ғылымдардағы биологиялық тәуекелдерді басқару» құралы ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жасалды. Тіршілік туралы ғылымдар саласындағы әртүрлі мамандықтар бойынша оқитын магистратура және бакалавриат студенттеріне, жас ғалымдар мен университет оқытушыларына, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларының өкілдеріне және биологиялық тәуекелдерді басқаруға қатысы бар барлық мүдделі тұлғаларға ұсынылады. Құрал электрондық түрде және оны күндізгі және қашықтықтан оқыту нысандарында қолдануға болады.

Нұсқаулықтың электронды нұсқасы осы веб-сайтта қолжетімді - https://www.kaznu.kz/kz/26889/page/