«Қалалардың экологиялық тұрақтылығы және тұрғындардың биологиялық қауіпсіздігі» атты вебинар

11.09.2023

Көрулер: 811

ТДМ 11 сәйкес , елді мекендерді урбанизациялау процестері, экологиялық қауіпсіз және қолайлы мекендеу ортасын қамтамасыз ететін және кеңістіктің жалпы қолжетімділігі қағидаты бойынша дамуы тиіс. ТДМ 11-ге қол жеткізудің мәселелері мен міндеттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «Қалалардың экологиялық тұрақтылығы және тұрғындардың биологиялық қауіпсіздігі» тақырыбында, 2023 жылы 8 қыркүйекте болған вебинарда талқыланды. Спикерлер: б.ғ. д., қауымдастырылған профессор Г. А. Садырова және б. ғ. к., доцент Т. Л. Тәжібаева.

Тыңдаушылар барлық елді мекендер үшін қолдануға болатын қалалардың экологиялық тұрақтылығын бағалау критерийлерімен танысты. Құзыретті органдардың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері және биологиялық қауіптердің ең көп таралған түрлері ұсынылды.