PhD диссертациясын қорғау

30.01.2023

Көрулер: 850

2023 жылдың 26 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының докторанты МУРЗАЛИМОВА АСЕЛЬ КАБДЫГАЛИЕВНА «6D060800-Экология» мамандығы бойынша «Геоақпараттық жүйелерді қолданып иондаушы сәулелердің радиоэкологиялық әсеріне мониторинг жүргізу (Сарапан және Жанан қыстақтары мысалында)“ тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін іздену диссертациясын өте жоғары деңгейде қорғады. Отандық ғылыми кеңесшілері:Мамұтов Жекен Үмбетқұлович, биология ғылымдарының докторы, профессор, Базарбаева Турсынкул Аманкельдиевна, география ғылымдарының кандидаты, доцент. Шетелдік ғылыми кеңесші: PhD, профессор Шереф Кылыч Ардахан университеті.

«Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасың ұжымдары Асель Кабдыгалиевны сәтті қорғауымен құттықтай отырып отандық ғылым саласын дамытуда жоғарғы деңгейден көріне беруіне, еңбегіне табыс, мықты денсаулық, отбасына бақыт тілейді.