Экологиялық мәдениетті нығайту

16.11.2022

Көрулер: 640

Қараша айында Өркениетті Қазақстан қоғамдық бірлестігі, Алматы облысының ішкі саясат тапсырысымен Алматы облысының тұрғындары арасында «Экологиялық мәдениетті нығайту» жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында қоғамдық бірлестік жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту бойынша семинар - тренинг өткізді.

Аталған жоба негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы б.ғ.к. Г.А. Мұқанова семинар - тренингте мектеп оқушыларына дәріс оқыды. Бұл дәрістің мақсаты-оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, олардың экологиялық білімдерін толықтыру және экомәдениеттің қажетті дағдыларын игеру.

Жоба аясында Алматы облысының басқа мектептері де қамтылды: Есік қаласы, Талғар қаласы, Қонаев қаласы, Жамбыл, Қарасай, Іле, Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандары.

Дәріс оқу барысында Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиялық мәселелері, орнықты даму жəне айналмалы экономика модельдерінің рөлі, экологияға байланысты əлемдік тенденциялармен танысу: нөлдік қалдық жəне 6R, атмосфералық ауаның ластану себептері, ластанудың адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсері, баламалы энергия көздерінің маңызы туралы тақырыптар талқыланды.

Экологиялық мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу – адамзаттың тұрақты даму кепілі.