Магистранттарың «Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғылыми-тәжірибелік тағылымдамасы

25.02.2021

Көрулер: 2606

География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының "7M05211-Экология", "7М05209 – Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару" мамандығының 2 курс магистранттары «Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (Алматы қ., Қазақстан) 2021 жылғы «25» қаңтар және 2021 жылғы «5» ақпан аралығында 10 күндік ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

«Топырақтық-геоэкологиялық мониторинг әдістері» тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдама б.ғ.к., Бас директордың халықаралық ынтымақтастық және инновациялар жөніндегі орынбасары З.А. Тукенованың жетекшілігімен өтті.

Тағылымдама кезінде магистранттар диссертация тақырыбы бойынша одан әрі зерттеу үшін пайдаланылатын қажетті білім алды. Тәжірибе қорытындысы бойынша магистранттар сертификаттарға ие болды.