2021 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай Ы. Алтынсариннің 180-жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті

23.04.2021

Көрулер: 2165

2021 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай Ы. Алтынсариннің 180-жылдық мерейтойына арналған «Менеджмент» мамандығының 3 курс қазақ бөлімінің студенттері және топтың куратор-эдвайзері Байымбетова А.А. ұйымдастыруымен «Қазақтың Ұлы педагог ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеш қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері – Ыбырай Алтынсаринді еске алуға арналды. Кеш барысында ақынның өмірбаяны таныстырылып, өлеңдері мен әндері көрермен назарына ұсынылды.