2021 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы «теңге» енгізілуіне және Қазақстан қор биржасының (KASE) құрылуына 28 жыл толуына орай «Инвестициялар және сауда» тақырыбында іс-шара өткізілді.

16.04.2021

Көрулер: 2328

2021 жылдың 16 сәуірінде педагогикалық тәжірибе аясында «Жобаларды басқару» мамандығының 1 курс магистранты Карагалиева Н.М., э.ғ.к., аға оқытушы Нурсейтова Г.Б., э.ғ.к., доцент Смагулов А.М. ұйымдастыруымен «Менеджмент» мамандығының 3 курс орыс бөлімінің студенттеріне әлемдік және қазақстандық қор биржаларымен, қор нарығымен таныстыруға бағытталған іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер қор нарығына бағалы қағаздарды бөлшек сатып алушы ретінде инвестиция салуды қалай бастау керектігін түсіндіріліп, оларға табысты жинақтау және олардың болашақ табысын арттыру, болашақта инвестициялық капиталды қалыптастыру дағдыларын қолжетімді ретінде түсіндірілді.