2021 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқының бірлігі күні» мейрамына арналған «1 мамыр – Бірлік күні» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

16.04.2021

Көрулер: 2340

2021 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқының бірлігі күні» мейрамына арналған «Менеджмент» кафедрасының Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 1 курс қазақ тобы магистранттарының ұйымдастырумен «1 мамыр – Бірлік күні» атты ашық тәрбие сағаты өтті.  

Тәрбие сағаты студенттердің бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, басқа халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуді, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған. Ұйымдастырушылар: э.ғ.к Нурсеитова Г.Б және «Менеджмент» кафедрасы МжЖБ мамандығының 1 курс қазақ тобы магистранттары.

Қатысқандар: «Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы» 1-курс студенттері, э.ғ.к., аға оқытушы Аширбекова Л.Ж., п.ғ.к., доцент   Калымбетова Э.К., аға оқытушы Баймбетова А.А.