15 сәуір 2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менеджмент» кафедрасының іс-шаралары аясында оқытушылар Әбділ Ә.М. және Ержанова Ә.М. «Болашақ көшбасшы» атты студенттер викторинасын ұйымдастырды.

15.04.2021

Көрулер: 2246

15 сәуір 2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менеджмент» кафедрасының іс-шаралары аясында оқытушылар Әбділ Ә.М. және Ержанова Ә.М. «Болашақ көшбасшы» атты студенттер викторинасын ұйымдастырды. Сайысқа бес команда қатысты, олардың құрамына «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандықтарының 2-ші және 3-ші курс студенттері кірді.

Викторина барысында оның барлық қатысушылары жүргізушілердің өте қиын сұрақтарына жауап бере отырып, жоғары деңгейлі білім дәрежесін пен тапқырлық танытты. Ойын қорытындысы бойынша «МжЖБ» тобының 2 курс к2 командасы жеңіске жетті. 3 курс «Менеджмент» тобының командасы жеңімпаз командадан тек 1 ұпаймен артта қалып, құрметті екінші орынға ие болды. «МжЖБ» 3 курс к2 тобы үшінші орынға ие болды.

Викторина аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, оқуда сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі. Қатысушылардың барлығы ойынға қызығушылық танытты және келесі осындай іс-шараларға қатысуға ниет білдірді.