«Менеджмент» кафедрасының докторанттары онлайн-семинарға қатысты

26.02.2021

Көрулер: 1593

2021 жылдың 26-ақпанында Экономика және бизнес жоғары мектебінде Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен "Диссертация жазу бойынша практикалық кеңестер. Қорғауға шығуды тастау мүмкін емес" атты тақырыпта онлайн-семинар өтті.

Семинар спикері: Сатпаева Зайра Төлегенқызы           PhD  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтында, Аймақтық экономика және инновациялық даму бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

-      Research proposal, зерттеу мақсаты;

-      Бастапқы және қайталама деректер;

-      Диссертация стилі;

-      Әдебиеттер;

-      Пайдалы сілтемелер, статистикалық пакеттер;

-      Сұрақ-жауаптар.