«Адал бол - Адам бол» қалалық жастар форумы
19.03.2019
Көрулер: 1794
2019 жылдың 19 наурызында аға куратор - менеджмент және маркетинг бөлімінің кеңесшісі, Маликова Р.М. және орыс бөлімінің «Логистика» мамандығының 3 курс студенттері «Адал бол-Адам бол» қалалық жастар форумына барды.
Форумға Алматыдағы 38 университеттің студенттері мен жастар өкілдері қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайындағы «Sanaly urpaq», «Алматы адалдық аланы» жобалық кеңселерімен бірлесіп ұйымдастырылды.






